Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдағы жылу құбыры жарылып, тұрғындар жылусыз қалды

Оралдағы жатақханада жылу құбыры жарылып, тұрғындар қара суықта жылусыз қалды. Үй иелерінің айтуынша, ғимарат шатырындағы жылу құбырының әбден тозығы жеткен. Шіріген құбыр жылу берілгенде қатты қысымға шыдамай, жарылып кетіпті. Осы кезде үйде болған төрт бала бір ажалдан аман қалды. Төбеден аққан ыстық судан қалай құтыларын білмей шошыған балаларды ата-анасы әрең құтқарған. Құбырдың суы 9-қабаттан 6-қабатқа дейінгі пәтерлерді бүлдірген. Үйдегі тұрмыстық техника түгел жарамсыз, дейді тұрғындар. 

ҰЛБОЛСЫН ОМАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Кордиорда ыстық су ағып жатқаннан кейін бірін бірі құшақтап тұрған. Жолдасым артынша келіп, үшеуін шығарған кезде натяжнойда үйіліп тұрған су жарылып кетті. Қайта балаларымызды уақытыл шығарып үлгірдік.
НҰРЖАН БАЙЗАҚОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Сырость мына жерде. Ертең құрттай балам келеді. Бес баламен қайда барамын. Қазір мынадай заманда ешкім де үйге кіргізбейді. Квартираға барсаң, бала-шағам бар десең, ешкім кіргізбейді.
Қазір жатақхана жылу мен электр қуатынан ажыратылған. Тоңған тұрғындар қайда барып паналарын білмей отыр. Ал пәтер иелері кооперативінің төрағасы жұмыс орнынан табылмады.