Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық жастарға табысқа жетудің жолдары туралы ақпарат берілді

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2024
  • 362

Заманауи мамандықтарды бір тиынсыз меңгеруді қалай үйренуге болады? Бүгін Елордада өткен «JASTAR FEST» форумында танымал тұлғалардың мотивациялық әңгімелерін тыңдап, концерт көреміз деп жиналған бозбалалар мен бойжеткендер осындай мүмкіндікке ие болды. 

4 жыл колледжде оқитын мамандық немесе ғаламторда қыруар қаржыға сатып алатын курстар енді тегін. Астана қалалық әкімдігі ұйымдастырған жастар форумында осындай керемет мүмкіндік болды. Оның ішінде 10 жұмысшы және 8 заманауи мамандықты меңгеруге болады. Оған кез-келген жас қатыса алады. Десе де, екі қолға бір күрек таппай жүрген NEET санатындағы азаматтарға – таптырмас табыс көзі.

ДАНА ЖҮНІСОВА, JOLTAP ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл курстарды тәмамдаған әр азаматқа куәлік беріледі. Жұмыс киімі мен құралдары да тегін беріледі. Артынша, біз жұмысқа өзіміз орналастырамыз. Бұл үшін арнайы тұғырнама да жасап шығардық. Оның ішіндле, 10 мың қолданушы, 2 мың бос жұмыс орны бар. Сонымен қатар, жұмыс беремін деген 1600 азамат пен кәсіпкерлер бар

20 жасар қала тұрғыны Регина Тихонюк та форумға қатысамын деп келіп, осы мүмкіндік туралы алғаш білген жандардың қатарында. Жоғары Оқу Орнында білім алып жатса да, қазіргі заманда бәсекеге қабілетті азамат болу үшін қосымша кәсіп жолын үйрену ауадай қажет екенін айтады.

РЕГИНА ТИХОНЮК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен психолог мамандығында оқып жатқандықтан, бәрібір жеке клиенттерімнің болғаны дұрыс. Контент-криейтор деген маған аса қажет мамандық. Ал, бариста курсын өзіме ұнайтындықтан оқиын деп жатырмын. болашақта кәсіп бастасам ба деген ниетім бар. Өзімнің кофеханамды ашсам, жеке психолог кабинетім де дәл сол жерде болса, кез-келген азамат үшін таптырмас орын болар еді.

Жастарға өз өмірлік оқиғасын баяндап, мотивация берген жандардың аясында Арсланбек Мағзұм да бар

АРСЛАНБЕК МАҒЗҰМ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әрбір азаматтың бойында өмірде кемінде бір қиындық болады. Бірақ, оларға мойымай, әрқашан жұмыс істеп, талпынып, төтеп беру керекпіз. Біз адам болғандықтан, өмірде тек ақ болмайды. Ақ пен қара қатар жүреді.

Айта кетейік, форумның өзге де мақсаттары жетерлік. Ұлттық құндылықтарды жастардың бойына сіңіріп, теріс жолға түсірмеу.