Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық ҰҚК Департаменті синтетикалық есірткі өндіретін астыртын зертхананың жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
П және Т. атты екі азамат қылмыстық келісімге келе отырып, синтетикалық есірткі өндіру және сату үшін Текелі қаласынан үй жалдаған.
Есірткі зертханасын тінту кезінде 21 кг психотроптық заттар мен зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді (есірткі заттарды орау үшін электронды таразылар, пакеттер, фольга, изолента және т.б.).
Сот үкімімен екеуі де 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.