Русский Сайттың толық нұсқасы

Жанқош Тұраровқа қатысты дау: тергеу тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2024
  • 242

Алматы полиция департаменті бокстан әлем чемпионы Жанқош Тұраровқа қатысты жанжалға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

21 тамызда Алматының Әуезов ауданы полиция басқармасына 1996 жылы туған қыз "өзін зорланғанын" айтып, арыз жазған еді. Кейін полиция қылмыстық іс қозғағанын растады, ал танымал боксшының өзі тағылған айыпты жоққа шығарды.

Арыздың түскеніне екі ай өтсе де Жанқош Тұраров бостандықта жүр.

2024 жылғы 18 қазанда Tengri Sport тілшісі департаментке атышулы іске қатысты ресми сауал жолдады.

"Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізілді, оның қорытындысы бойынша зорлау фактісі расталмады”, - деп жауап берді полиция.

20 қазанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы түпкілікті шешім шықты.

“Әуезов аудандық прокуратурасы бұл шешіммен келісті", - деп жауап берді полиция.