"Іздестіру" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Павлодар облысының жедел уәкілдері шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып, 15 қылмыскерді қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олардың бірқатары ауыр қылмыстары үшін шет мемлекеттерде іздеуде жүрген болатын.
Мәселен, Германияның Нюрнберг қаласында Қазақстанда алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 43 жастағы ер адам ұсталды.
Сонымен қатар Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында осыған ұқсас қылмыс жасап, іздеуде жүрген 25 жастағы күдікті құрықталды.