Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мобилографтар да қартаяды»: тойда жан-тәнімен беріліп видео түсірген ата желіні шулатты

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2024
  • 120

Ақтаудағы тойлардың бірінде қолына штативі бар камера ұстаған 69 жастағы тақиялы ата билеп жүріп видеоға түсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Егде жастағы видеограф билеп жатқан әр адамның қасына барып, өзі де билеп видеоға түсіріп жүр. Анықталғандай, ол 69 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны болып шықты. Тойларда видеограф қызметін атқарады. Көпшілік оның әрекетіне сүйсінген.

«Мобилографтар да қартаяды. Қазіргі заманғы ата екен. Атам кілең үлкендерді түсіретін шығар. Бетіне маска киіп алған ба десем. Ата тойды да атқарып, биді де билеп, видеоны да түсіріп жүр», - деп жазды желі қолданушылары.