Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Ақпараттық заңнамасын жетілдірудің келешегі мен міндеттері

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2017
  • 2337

Қазақстан «сөз бостандығын» анықтайтын беделді компаниялар жасайтын рейтингте алдыңғы қатарға шығуды көздеп отыр. Осыған орай Еуразия қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар офисі мамандары БАҚ туралы заңның бірнеше тармағына өзгерту енгізуді ұсынды.

Еліміздің ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен қоғамдық тыңдалым ұйымдастырылды. Жиынға сондай-ақ заңгерлер, журналисттер, сарапшылар қатысқан. Шара барысында 1999 жылы қабылданған ақпарат құралдары туралы заңның бүгінде 98 пайызы қайта өзгертілгені мәлім болды. Өз кезегінде ақпарат және коммуникация министрі БАҚ туралы заңға енгізіліп жатқан өзгерістерде ақпарат құралдарының еркіндігіне кепілдік беретін тармақтар  қарастырылғанын атап өтті.