Қарағандыда салынып жатқан көпқабатты үйдің лифт істен шығып, бір адам қаза тапты. Қасында болған екінші адам ауыр халде жатыр. Оқиға қаланың оңтүстік шығысында салынып жатқан «Medina» тұрғын үй кешенінде болған. Екі адам әлі толық орнатылмаған лифт қондырғысына мініп жұмыс істеп жатқан кезде 9 - ыншы қабаттан құлаған. Ауыр халдегі жұмысшы облыстық травматология орталығының жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
“Қарағандыдағы салынып жатқан тұрғын үй кешенінде болған оқиғаға қПатысты абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда”.