Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы - Өскемен тас жолында жол апатынан 48 жастағы әйел адам мерт болды

Алматы облысында жол апатынан 48 жастағы әйел қаза тапты. Алматы - Өскемен тас жолының 85 -ші шақырымында Suzuki маркалы автокөлік жүргізушісі көлікке ие бола алмай жолдың жиегіне шығып кетіп, аударылған. Салдарынан 48 жастағы жолаушы сол жерде көз жұмды. Тағы 3 адам жарақаттанған. Полиция департаментінің мәліметінше, апат жүргізушінің ұйықтап кетуі салдарынан болған. Жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғалды.