Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде жастар пышақтасып, екі адам қаза тапқан іске қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде жастар жаппай төбелесіп, 17-дегі екі жасөспірім қаза тапқан іске қатысты сот үкімі шықты. Бүгін сол төбелеске қатысқан алты адамға үкім оқылды. Оның екеуі 18 және 15 жылға бас бостандығынан айырылып, қалған төртеуіне еркіндігін шектеу жазасы кесілді. Еске салайық, қайғылы оқиға биыл 2 қаңтарда қаланың іргесіндегі Қызылжар елдімекенінде болды. Әлеуметтік желіде дауласып қалған екі жігіт, достарын ертіп «Алмаз» дүкені маңына мәселені шешуге жиналады. Кездесу соңы төбелеске ұласып, төрт адам пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізелген. Екі жігітті дәрігерлер аман алып қала алмады. 

НҰРЛАН БАҚТЫҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сот үкімімен Дамир Еламанұлы Ұзақбаев ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 9,14- тармақтарындағы 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2- бөлігінің 1,9-тармақтарында көзделген қылмыстықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Ұзақбаевқа ҚК 58 бабының 4 –бөлігі негізінде қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау жолымен ішінара қосу арқылы түптілікті 18-жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

БОТАКӨЗ ЖАЙТАҚОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

Үкімге әрине толыққанды келіспеймін. Кетер балам кеткен шығар , бірақ та толық жазасын алғанын тілеймін. Екі Ұзақбаев пен Махамбетовке тағылған кінәні оған келісемін. Бірақ қасында төрт қылмыскер отыр. Төрт қылмыскер отыр, төрт қылмыскердің залдан босатылғанына қарсымын.