Отандық тауар өндірушілер жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алымдарына қол жеткізе алады. Мәжіліс тауар биржалары мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады.Заң аясында сауда-саттықтың ашықтығын қамтамасыз ету үшін тауар биржалары қорытындыларды шығарғаннан кейін қатысушылар мен мәмілелер туралы ақпаратқа қатысты коммерциялық құпияны жария етуге міндетті болады. Бұл қазақстандық өндірушілердің ашық сауда құралдарына қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мемлекет басшысы биржалық тауарларға ашық бағаны қалыптастыру және нарықтан қалталы биржаларды шығаруды тапсырды. Егер тауар биржалары ашық және ережелерге сай жұмыс жасаса, олардың экономикадағы рөлі артады. Заң жобасы осы мақсаттарды орындау үшін әзірленді және бірқатар мәселелерді шешеді.