Елімізде балалар арасында миопия белең алуда. Яғни олар алыстан көрмейді. Мектеп оқушыларының 80 пайызы көзілдірік киеді немесе линза тағады. Тіпті лазерлік түзетудің өзінде көру қабілеті қайта сыр беруі мүмкін. Дәрігерлер көз ауруының соңы су қараңғылыққа әкеліп соғуы мүмкін деп дабыл қағуда. Мамандар аталған дертпен қалай күресуді ұсынады? Тілші Айдана Қайрат сұрады.
АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:
Бұл жалғыз менің басымдағы проблема емес. Себебі қазір жастардың елу пайызы кітапты смартфонға алмастырған. Тіпті, кішкентай баланың өзі ұйқыдан тұра сала, гаждет сұрайды.
Назеркенің көру қабілеті каратиннен соң нашарлаған. Соңғы үш жылдың ішінде -3 ке түскен.
НАЗЕРКЕ ХАЙДАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мен көзілдірікті 9-шы сыныптан бастап киемін. Менің ойымша қазір технологияны, гаждеттерді көп қолданғандықтан өсті деп ойлаймын.
54 мектептегі жоғары сыныптағы 46 оқушы көзілдірік тағады. Әр сыныпта кемінде 5-6 бала. Себебі олардың әр күні смартфонға тәуелді. Мектепте сабақтар арнайы электронды тақтада түсіндіріледі. Нәтижесінде балалар тез шаршайды, әрі әлсіз болып келеді. Білімге деген құштарлықтары төмендеген дейді- мұғалім Айсұлу Серікбева. Осы ретте ол «көз анализаторлары» тақырыбында ғылыми жоба әзірлеуде.
АЙСҰЛУ СЕРІКБАЕВА, №54 МЕКТЕПТІҢ БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:
Оқушылардың қаншалықты алыстан, жақыннан көрмейтінін бірден диагнозын анықтап алдық. Сол балалармен жиі жұмыс істей бастадық. Сауалнаманың нәтижесінде түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі себептер болды. Көбінде электронды құрылғыларды шектен тыс пайдалану. Сабақтар барысында түрлі жаттығуларды жасауды қолға алдық. Сабақ барысында омыртқа жотасына жаттығулар жасап тұрамыз. Сосын көзімізді демалдырамыз.
Қазір көп балаларда миопия диагнозы. Яғни алыстан көрмейді. Оны өсіріп алмау үшін мамандар жарты жыл сайын тексеріліп отырылу қажеттілін айтады. Себебі көп ата-аналар балаларының көруі нашарлағанда тек көзілдірік немесе линза сатып алумен шектеледі. Тіпті лазерлік түзетудің өзінде бірнеше жылдан соң көру қабілеті қайта сыр беруі мүмкін.
АҚБОТА АНАРОВА, ОПТОМЕТРИСТ:
Ең бстысы миопияны бақылауда ұстау. Оны өсіріп алмау өте маңызды. Ол тұқым қуалау арқылы берілуі де мүмкін. Кейбір ата-аналардың көзі минус 13 бола тұра балаларын 11 жасында тексеріске әкеледі. Себебі көз жанары 6 мен 18 жас арасында өсіп, дамиды. Қазір көптеген көз гимнастикалары бар. Тіпті көзілдірік ішінен тағылатын линзалар бар. Ол өз кезегінде көз жанарын өсірмей бақылауда ұстайды. Сондай-ақ ұйықтар алдында тағылатын линзалар түнімен көзге энергия береді. Күндіз балалар емін еркін көзілдіріксіз жүре алады.
Астанада «Смартфонсыз мектеп» жобасы іске қосылмақ. Оқушылар мектепте кірген бойда телефондарын өткізеді. Жобаны қаладағы 110 мектептің 70 пайызы қолдаған.
АЯЖАН АМАНТАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Биылғы жылы біз арнайы сөрелер, қораптар мектептерде әрбір сабақта мұғалімнің столының үстінде арнайы қораптар жасалып қойылды. Оқушылар сол жерге ұялы телефондарын өткізеді. Сабақ біткен соң қайтадан алады. "Смартфонсыз мектеп" жобасын ата-аналар расында да қолдап жатыр.
Үйде балалар смартфон, компьютерді пайдаланған соң, міндетті түрде көзге 20 минуттай демалыс беріп арнайы гимнастика жасағаны дұрыс. Мүмкіндік болса, таза ауаға шығып тыныққаны абзалырақ. Бұл менің емес, мамандардың кеңесі