Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында ауыл әкімдерінің форумы өтті

Жамбыл облысында ауыл әкімдерінің форумы өтті. Әулиеата аймағында 2021 жылдан бері 162 ауылдық округ пен 3 шағын қаланың әкімін халық сайлаған. Шу қаласы мен Жуалы, Тұрар Рысқұлов аудандарының әкімдері де сайлау арқылы тағайындалған. Халық таңдаған әкімдердің 154-і -«AMANAT» партиясының мүшесі. Ауыл әкімдері форумының пленарлық отырысында елдімекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпіліс беретін мәселелер сөз болды. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының алда тұрған негізгі мақсат-міндеттері талқыланып, ауыл әкімдерінің атқарар жұмыстары сараланды. Астанадан келген арнайы мамандар ауыл әкімдерін секцияға бөліп дәрістер өткізді. Онда олар құқықтық сауыттылығын арттырып, халықпен қалай жұмыс істеу керектігін үйренді. 

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Көп әкімдеріміз жаңадан сайланған. Бұған дейін мемлекеттік қызметте істемеген әкімдер бар, бизнестен барған, әлеуметтік саладан. Әкімдер жергілікті жерде белсенді болу керек. Кері байланысқа мықты болу керек. Халықтың мәселесін жергілікті жерде шешу керек. Әкім деген ауылдың Президенттің жергілікті жердегі өкілі. Биліктің ең төменгі халықпен бірінші шепте жүретін биліктің айнасы деп айтсақ болады. Сол себептен әкім қалай болса билікке солай баға береді.