Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан нәрестенің денесі табылды

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2024
  • 302

 Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында қараусыз қалған ғимараттан ұл баланың денесі табылды, - деп жазды KAZINFORM.

Аталған дерек бойынша, Алматы облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

«Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды. Қазір әйел ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес аталған іске қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.