Русский Сайттың толық нұсқасы

Студентті пышақтап өлтіргендер сотталды

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2024
  • 152

Ақтөбе облысында жаппай төбелесіп, бір жасөспірімнің өліміне себеп болған алты бозбала сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағанды өлтiру, пышақ қолдану арқылы бұзақылық жасау, бір және одан көп адамды өлтіруге оқталу айыбымен бірнеше адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта белгілі болғандай, 2024 жылы 2 қаңтарда Ақтөбе қаласы маңындағы Ақжар және Қызылжар елдімекендерінің тұрғындары арасында туындаған түсінбеушілік салдарынан Қызылжар ауылындағы «Алмаз» дүкенінің алдында жаппай төбелес болған.

«Төбелес кезінде екі сотталушы кәмелетке толмағанның екі жақ жамбасына пышақ салған. Жәбірленуші қан кету салдарынан ауруханада көз жұмды. Тағы бір жәбірленушінің жон тұсынан пышақ сұғылған. Ол дер кезінде көрсетілген кәсіби медициналық көмектің арқасында аман қалды. Тағы бір сотталушы жәбірленушінің сол жақ иығына пышақ сілтеп, жеңіл зақым келтірген. Тағы үш сотталушы өзге үш бозбаланы ұрып-соғып, оларға қатысты пышақ қолданған», - делінген сот хабарламасында.

Сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылған төрт адамның әрқайсысына 4 жылдан жаза кесілді.

«Сот үкімімен тағы бір сотталушы ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 9,14-тармақтарында 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 1,9-тармақтарында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ тағы бір бозбала кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», - делінген сот хабарламасында. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.