Русский Сайттың толық нұсқасы

Танымал әнші Зарина Омарова он жылдан кейін сахнаға қайта оралды

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2024
  • 136

Он жылдай декреттік демалыста болған танымал әнші Зарина Омарова отбасылық өмірі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, танымал әнші, балалық шағынан бастап хит әндері арқылы халыққа танылған Зарина Омарова "Мамский әңгіме" подкастында қонақ болып, Айнұр Ілиясованың сұрақтарына жауап берді. 

"Қазір Астанада тұрамын. Бес жылдан асты. Астана өзіме қатты ұнайды. Күн өткен сайын көркейіп келеді. Елордаға күйеуімнің жұмысына байланысты көштік. Ол жақта әншілер аздау. Барлығы біздің қолымызда", - деп әзілдеді әнші. 

Әнші ұзақ уақыт декреттік демалыста отырғанын, өнерді, сахнаны қатты сағынғанын айтты. 

"Он жыл үйде отырғанда сахнаны сағындым. Шырылдап дүниеге келген сәтімнен бастап құлағымда "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды", "Әке арманы" деген әндер ойнады. Сол кезде әкемнің хит әндері шығып жатты. Сондай әндермен өскен қыз қалай үйде бала бағып отырады деп ойлайсыз? Қатты күйзеліске түстім, менде қатты стресс болды", - деп сырын ақтарды ол. 

Әнші қазір үлкен сахнаға қайта оралғанын, шығармашылықты қолға алғанын, тыңдармандарымен қауышқанын жеткізді. 


"Баланы да туып, күйеуді де жайғастырып, сағынышпен қайта сахнаға шықтым. Мен сахнасыз өмір сүре алмайтын адаммын. Ол - менің ішкі жан дүнием", - деді ол сұхбатында.