Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар енді кешкі 8-ден кейін жедел жәрдем шақыра алмайды

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2024
  • 87

Денсаулық сақтау министрі жаңа ережені түсіндірді.

Министрдің айтуынша, жаңа ережелер бойынша қоғамдық талқылау жақында ғана аяқталған, құжат әлі бекітілмеген, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жаңа ережеге сәйкес, 4-санаттағы науқастар жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін ғана жедел жәрдем шақыра алады.

Қалған уақытта олар медициналық мекемелердің жедел жәрдем бөліміне өз бетінше баруы қажет.

«Бастапқыда бұйрық жобасында жедел медициналық жәрдем қызметі 1, 2 және 3 санаттағы науқастарға тәулік бойы қызмет көрсететіні және жұмыс істейтіні айтылған. Ал 4-санаттағы науқастарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жылдамдығын қамтамасыз ету мақсатында 4-санаттағы науқастарды түнгі уақытта жедел медициналық жәрдем станциясына көшіру, ал поликлиникаларда жұмыс уақытын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін қалдыру ұсынылады»,-деді Әлназарова.