Русский Сайттың толық нұсқасы

Әжесін алдап кеткен: Түркістан облысында жоғалған 15 жастағы қыздың жағдайы белгілі болды

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2024
  • 219

Түркістан облысы Жетісай ауданында полиция жоғалған 15 жастағы қызды Шымкенттен тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Түркістан облыстық ПД мәліметінше, Жетісай ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 15 жастағы немересінің жоғалғаны туралы хабарлаған. Әжесінің сөзінше, жасөспірім қыз кешкі уақытта құрбысына барамын деп үйден шығып, қайта оралмаған. Туыстары өз бетінше іздегенімен нәтиже бермей, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.

Тәулік бойы атқарылған іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер кәмелетке толмаған жасөспірімді Шымкент қаласынан тапқан. Жоғалған қыз туыстарына аман-есен қайтарылды.