Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда қонақтар үй иелерін сабап, келіншек көз жұмған

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2024
  • 163

Бірге тұратын ер мен әйел үйлеріне қонақ шақырған.

Қонақтар үй иелерін сабап, келіншек көз жұмған,-деп жазады turkystan.kz.

Көңілді отырыс кезінде жанжал шығып, қонаққа келген екі адам үй иелерін соққыға жыққан.

Келіншек алған жарақатынан көз жұмған. Ал ер адам ауруханаға жеткізілді.

Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Күдіктілер Павлодардың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Павлодар облысының Полиция департаменті.