Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда Қозыбаев университетінің студенттері “Таза Қазақстан” акциясы аясында оқу корпустарының айналасын тазалады

Қызылжарда Қозыбаев университетінің студенттері “Таза Қазақстан” акциясының аясында оқу корпустарының маңайын тазалады. Шараға “AMANAT” партиясының “Болашақ” филиалы мұрындық болған. Игі іске жүзден астам адам атсалысты. Партия өкілдері бейсенбілікті апта сайын ұйымдастырады. Жалпы, жарты жылдың ішінде "Таза Қазақстан" акциясы аясында облыс бойынша 120 тоннадан астам қоқыс жиналған. 

АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ “БОЛАШАҚ” ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бүгін біз студентермен бірлесіп, университ маңайындағы саябақты тазартуға шықтық. Бұл жерден күн сайын мыңға жуық адам өтеді. Аманат партиясы әрдайым қаламызды таза қалпында ұстауға атсалысып отырады. Игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдемін.