Русский Сайттың толық нұсқасы

Жазда салқындатқышсыз, ал қыста жылытқышсыз қалай өмір сүруге болады?

Қарағанды экологиялық мұражайы мен жергілікті мектептерде климаттың өзгерістерін жұмсартуға бағытталған жобалар іске асырылып жатыр. Жылу мен жарықты қалай үнемдейміз? Жазда салқындатқышсыз, ал қыста жылытқышсыз қалай өмір сүруге болады? Отандық және шетелдік сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Бұл - заманауи жылу желдеткіш. Қарағанды экологиялық мұражайының басшысы Дмитрий Калмыковтың айтуынша, қондырғы қазір үлкен бір көрме залын жылытып тұр. Жылу қуатын реттеп беретіндіктен өте үнемді. Желдеткішті пәтерге де орнатуға болады. Егер бүкіл ел қолданса көмірден құтылып, зиянды қалдықтарды азайтамыз,- дейді маман.

ДМИТРИЙ КАЛМЫКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДАМЫТУ БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ:

Біз жылуды қолданбаған кезде желдеткіштің айналымы азаяды. Ал жылы кезде температура мен компьютердің әсерінен ыстық су жабылып қалады, яғни бостан босқа жылу тарап тұрмайды.

Климаттың өзгерістерін жұмсартып қолдануға бағытталған жобалар өте көп. Президент Қасым Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында экологияны сақтауға шақырған болатын.

ҚАСЫМ- ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

“Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет. Бизнес өкілдері табиғатты қорғау ісіне зор жауапкершілікпен қарауы керек”

БАЛДЫРҒАН ҚОШЫҒҰЛОВА, № 6 АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

«В три раза пошла у нас экономия электричества. Вот за счет этого проекта».

Ерекше балалар оқитын нөмір 6- ншы мектепте белгілі бір орындарға қуатты үнемдейтін шамдар орнатылған. Осы жарық арқылы оқушылар сабақ оқиды, ас үйде тағам пісіреді. Бұл- экологиялық мұражай мен Чехияның “ Арника” қоғамдық қорының жобасы. “Климаттың өзгерісіне біздің жауабымыз” деп аталады.

ГҮЛСЕЗІМ СӘРСЕМБАЕВА, ДЕФЕКТОЛОГ:

Тақтаның үстінде шам жанып тұр. Жазулар ап- анық көрінеді. Ерекше балалар үшін бұл өте қолайлы.

МАРТИН СКАЛЬСКИЙ, ЧЕХ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «АРНИКА» ҚҚ ӨКІЛІ:

Бұл шағын жобалар энергияны қалай үнемдеуге болатынын көрсетеді.

Жоба аясында аймақта 4 мектепке велотұрақ орнатылған. Игілігін оқушылар көріп жатыр. Мамандардың мақсаты- балаларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу арқылы болашақта климаттың өзгерісі мен табиғатқа ұқыпты қарайтын азамат қалыптастыру.