Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенат Вьетнаммен сотталғандарды беру туралы заңды мақұлдады

Енді Вьетнам абақтысындағы отандастарымыз немесе Қазақстан түрмесінде отырған Вьетнам азаматтары өз елдерінде жазасын өтей алады. Сенат екі ел арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялады. Бұған дейін қос тарап құқықтық көмек көрсету және қылмыскерді ұстап беру туралы келісімге келген. Бұл шарттар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, кәсіпкерлік, туристік қарым-қатынастарды ескере отырып жасалған. Айта кету керек, заң аясында қабылдаушы тарап сотталған адамның жазасын өтеу мерзімін қысқартып, тіпті уақытынан бұрын бостандыққа шығара алады. Мұндай келісім 23 елмен жасалған. Соның арқасында 160 отандасымыз жазасын елімізде өтеуге мүмкіндік алды. 

НАУРЫЗБАЙ БАЙҚАДАМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Сотталған адамды беру мына шарттар болған жағдайда жүзеге асырылады: сотталған адам «қабылдаушы тараптың» азаматы болуы қажет, адам «қабылдаушы тараптың» да ұлттық заңнамасы бойынша қылмыс саналатын іс-әрекеттер үшін сотталған болуы керек, беру туралы сұрау салу алынған кезде сотталған адамға қатысты шығарылған үкім заңды күшіне енген және сотталған адамның жазасын өтеуге тиіс уақыт кезеңі кемінде бір жылды құрайтын болуы тиіс. Сотталған адамның жазбаша келісімі бар болған және екі тарап та беруі қажет.