Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 28 мектеп қолданысқа берілді

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Оқу жылы басталғалы 77мың 200 орындық 28 мектеп қолданысқа берілді. Оның тоғызы Астанада, алтауы Ақмола облысында, ал Алматы облысында 3 мектептің құрылысы аяқталған. Шымкент, Атырау, Жамбыл облыстарында 2 білім ордасы, Алматы қаласы мен Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарында 1 мектеп балалардың сапалы білім алуына қызмет етуде. Жауаптылар келер жылдың соңына дейін білім ордаларының саны 217-ге жетеді дейді.