Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Розыбакиев көшесі, 63 мекенжайында орналасқан ірі техникалық қызмет көрсету орталығы бұзылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында басқарма "АҚЖОЛ" ЖШС иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген еді.
Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, осы жылдың 13 қыркүйегінде басқарма Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу туралы талап-арыз жіберді.
Сот процесі аяқталмаса да, нысанның иесі нысанды өз еркімен бұза бастады.