Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 226 кәсіпкердің заңсыз жауапкершілікке тартылғаны анықталды

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2024
  • 188

Шымкентте 226 кәсіпкердің заңсыз жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еңбекші ауданы прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік кірістер басқармасымен 226 кәсіпкерді заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды.

«Атап айтқанда, 14.06.2024ж. кәсіпкер «С» Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 208-бабының (Салықтық өтінішті, салықтық есептілікті ұсыну тәртібі) талаптарын бұзғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.Бұдан бөлек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі зерделеу барысында Басқарма ҚР ӘҚБтК-тің 744-бабына сәйкес оған істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарламағаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі арқылы лауазымды тұлғаның заңсыз шығарылған қаулысының күші жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Уәкілетті органның жауапты тұлғалары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.