Русский Сайттың толық нұсқасы

Азаматтық авиация комитетінің басшысы Бекен Сейдахметов отставкаға кетті

  • AstanaTV
  • 02 мамыр 2017
  • 2626

Азаматтық авиация комитетінің басшысы Бекен Сейдахметов отставкаға кетті. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Сейдахметов жылы орнын өз еркімен босатқан.

Ол азаматтық авиация комитетін 2011 жылдан бері басқарып келді. Кейбір ақпарат құралдары оның кетуін "Эйр Астана" ұшақтарына қатысты шулармен байланыстырды.

Соңғы кезде Қазақстандағы нөмірі бірінші тасымалдаушы компания ұшақтарында техникалық ақаулықтар жиілеп, әуе кемелері шұғыл қонуға мәжбүр болды. Ал "Эйр Астана" Сейдахметовтің отставкасын бұл оқиғалармен байланыстырмауды сұрап, тиісті мәлімет те таратты.

Айгүл ӘДЕПБАЙ