Ұлттық қауіпсіздік қызметі заңнаманы бұзғандар 4 мыңнан аса адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында биыл қазанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 4 640 адам ұстады. Оның ішінде:
27 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
30 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 435 заңсыз алып өту дерегінің алдын алынды, оның ішінде:
41 дерегі - есірткі заты;
91 дерегі - ату қаруы мен оқ-дәрі (1 дана атыс, 3 дана газды және 25 дана суық қару, 123 дана оқ-дәрі, 41 дана электрошокер);
23 дерегі - діни әдебиет (2 001 дана);
459 дерегі - жалпы сомасы 9 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалы (43 000 литрден астам);
616 дерегі - жалпы сомасы 3,4 миллиард теңгеден асатын халық тұтыну тауары (соның ішінде киік мүйіздері 1,5 миллиард теңгеге жуық, темекі бұйымдары 377 миллион теңгеден астам);
204 дерегі - жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 57 браконьерлік дерегінің алдын алынды, сондай-ақ:
31 дана - жүзу құралы;
70 шақырым тор - браконьерлік аулау құралы;
299 дана (1 765,1 кг) - бекіре тұқымдас балық;
904 дана (2 165 кг) - таза тұқымдас балық;
13 дана - итбалық.
Алдын алынған залал сомасы шамамен 671 миллион теңге болды.
Бұл деректер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мемлекеттік шекарада қандай-да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.