Русский Сайттың толық нұсқасы

Көктайғақ, қар, -7 градус аяз: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2024
  • 234

"Қазгидромет" РМК 2-4 қарашаға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде жауады, тек 2-3 қарашада елдің оңтүстік-шығысында, 3-4 қарашада шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерде тұман, солтүстікте, орталықта екпінді жел, көктайғақ күтіледі.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде кезеңнің соңына қарай ауа температурасының түнде 0-7 градус аяз дейін, күндіз 2 градус аяз-5 градус жылыға дейін күрт төмендейді, елдің орталығында, шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градус жылы, күндіз 8-13 градус жылыға дейін, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 3-13, күндіз 15-22 градус жылуға дейін көтерілуі күтіледі.