Қазақстанда 47,2 млн тонна жем дайындалды. Өңірлердің деректері бойынша биыл жемшөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2 млн гектардан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жемшөп үлесі шамамен 14% болды. Жоспар негізінде 33,3 млн тонна көлемінде шөп, 2 млн тонна пішен, 4,8 млн тонна құрама жем, 2,3 млн тонна сүрлем және 4,8 млн тонна сабан дайындалды. Жалпы, Қазақстанда жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.