Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қырғызстан Республикасының президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Мәжіліс спикері ел Президентіне Мемлекет басшысының жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ «Орталық Азия-2040» өңірлік ынтымақтастықты дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруда парламенттердің белсенді рөл атқаруға ниетті екенін жеткізді. Кездесу барысында Қырғыз елінің Жоғары кеңесі мен Қазақстан Парламенті арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық кеңестің екінші отырысының нәтижелері туралы ақпарат берілді. Мәжіліс төрағасы Кеңес заң шығару қызметінде тәжірибе алмасуға, туындаған мәселелер бойынша шұғыл шешімдер қабылдауға және депутаттар арасындағы байланысты нығайтуға зор мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ бауырлас елге алдағы Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығына табыс тіледі. Өз кезегінде Қырғыз Президенті елімізде Мемлекет басшысының жетекшілігімен жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады.