Ақмола облысында жеңіл көлік пен пойыз соқтығысып, үш адам қаза тапты. Қайғылы жағдай Степногорск-Заводской тас жолында болған. Көлік жүргізушісі сол жерде көз жұмса, екі жолаушы ауруханада қайтыс болды. Түрлі жарақат алған тағы үш жолаушы Степногорск ауруханасында жатыр.