Русский Сайттың толық нұсқасы

Елдегі инфляция деңгейі үдеп барады

Елде тариф қымбаттады. Бір жылда суық су бағасы - 60%-ға, орталықтандырылған жылыту – 33, су бұру – 27, электр қуаты – 23, ыстық су – 18% және қоқыс шығару – 16 процентке өскен. Жалпы жылдық инфляция 8,5%-ға, ал соңғы 1 айдағы көрсеткіш 0,9%-ға жоғарылады. Ақылы қызметтер бағасы 14%-ға, азық-түлік емес тауарлар 8, ал азық-түлік тауарлары шамамен 5%-ға өсті. Сондай-ақ өңірлер бойынша Алматы қаласында ең жоғары, Павлодар облысы мен Астана қаласында ең төменгі айлық инфляция өсімі тіркелді. 

САПАРБАЙ ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Ақша массасы қаншалықты көп болса инфляция бола береді. Біз енді дамушы мемлекет болғаннан кейін 5-7 пайыз бұл қалыпты жағдай десек болады. Себебі біз инфляция қай жерде, қайсыған сұраныс көбірек болатын болса сонда баға өседі ғой. Сонда қай салада, қайсы затқа сұраныс көбірек болды деп, біз сол салаға инвестиция салып, сол саланы көбірек жауып, я болмаса жаңағы импортты көбірек жасап, соны реттеуіміз керек.