Русский Сайттың толық нұсқасы

Бірнеше құрылыс компаниясы қылмыстық жауапкершілікке тартылды

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2024
  • 122

Андора Констракшн» ЖШС директоры 2020-2023 жылдары жергілікті атқарушы органның рұқсатын алмай, жалған келісімшарт жасау арқылы 25 азаматқа 313 млн теңгеге пәтер сатқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

23.10.2024 жылы Атырау қаласының №2 сотының үкімімен ЖШС директоры аса ірі алаяқтық жасады деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осындай фактілер бойынша «Nazik Group» ЖШС директоры, «Атамекен Тұрын Үй», «Family Town», «Baisanat Residence» құрылтайшысы сотталды.

Бұдан бөлек биыл 2 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 млн теңге айыппұл салынған.