Русский Сайттың толық нұсқасы

Құлсарыда бесінші қабаттың балконында қалып қойған екі бала құтқарылды

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2024
  • 268

Құлсары қаласында полицейлер бесінші қабаттың балконында қалған балаларды құтқарды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

«Түнде аумақты патрульдеу барысында учаскелік полиция инспекторлары жоғары қабаттан жылаған балалардың дауысын естіген. Анықтау барысында балалардың бесінші қабаттағы балконда жалғыз қалғандары белгілі болды. Полицейлер көпқабатты үйдің сыртқы жабынын жөндеуге арналған баспалдақтар арқылы пәтерге өткен. Өзге әріптестері жанама баспалдақтың құлап кетпеуі үшін ұстап тұрған», - делінген ақпаратта.

Полиция капитаны Дархан Ажигулов 4 және 6 жастағы бүлдіршіндер қауіпсіз жерге шығарды. Балалардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.