Русский Сайттың толық нұсқасы

Айдана Меденованың 9 жасар қызы хиджаб киді

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2024
  • 155

Әнші Айдана Меденованың 9 жасар қызының хиджаб киіп түскен суреті желідегілердің назарын аудартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Әр күн Алланың сыйы екенін ұмытпа”, – деп жазы әнші фотоның астына.

Кейбір қолданушылар қыздың мұндай таңдау жасау үшін тым жас екенін және оның жасындағы балалар еркін болуы керек екенін жазды. 

"Қызға неге орамал тағып қойған? Бала балалық шағы болуы керек”, “Өз таңдауларын балаға жүктегені қалай. Мұның не керегі бар?” – деп жазды желідегілер.

Дегенмен, Айдана Stories-те қызының бұл шешімді өзі қабылдағанын, анасы ретінде қызының таңдауын қолдағанын баса айтып, сынға жауап берді.