Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдан 260 шақырым жерде жер сілкінді

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2024
  • 284

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 2 қарашада Астана уақытымен 10:50-де жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде орналасқан.

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарында (таулы аймақтар) жер сілкінісі 2 балл болып сезілген.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ.