Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәжікстанда 1,5 мың сиқыршы мен көріпкел ұсталды

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2024
  • 80

Тәжікстанда полцейлер сиқыршы және көріпкел деп есептелген 1,5 мыңға жуық адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тәжікістан президентінің баспасөз қызметі 2024 жылдың мамыр айынан бері осы науқан аясында барлығы 7,5 мың адам ұсталғанын түсіндірді. Олардың ішінде ресми діни білімі жоқ 5 мың молда, сондай-ақ 1,5 мың сиқыршы мен көріпкелдер бар.

2024 жылдың көктемінде Тәжікстан президенті дін өкілдерімен кездесуінде елде оккультизмнің тарағанын айтып, олармен күресуге шақырған. Оның айтуынша, бұл құбылыс "елді құрдымға батырады".

Сәуір айында Тәжікстанның ішкі істер министрлігі алаяқтықпен айналысып, өзін емші, көріпкел, сиқыршы және тұмаршы ретінде көрсеткен адамдарға жауапкершілік қарастырылғаны айтылған. Онда адамдарды алдағандарды алты айға дейін мәжбүрлі жұмысқа тартуды қарастыратын заңнамаға түзетулер енгізгенін хабарлады. Сондай-ақ көріпкелдер мен сиқыршылардың қызметін пайдаланатын азаматтардың арнайы тізілімін жасау туралы айтылды.

Тәжікстанда енді көріпкелдің қызметіне жүгінген адамдар жауапқа тартылады

Қазақстандықтар астрологтар мен бақсы-балгерлердің қызметіне 39 млн теңге жұмсаған

Еске салайық, бұған дейін әлемге белгілі көріпкелдер Нострадамус пен Ванга 2025 жылы Еуропада соғыс болатыны туралы болжағанын жазған едік. XVI ғасырда өмір сүрген франциялық астролог әрі дәрігер Нострадамус Еуропа жері "қантөгіс алаңына" айналады деген. Ал Ванга "ежелгі дерт жаудан да жаман" деп болжаған. Сондай-ақ Ванга да Еуропадағы қақтығысқа қатысты алаңдаушылық білдірген. Сөзінше, қақтығыс құрлықты "босатуы мүмкін".