Русский Сайттың толық нұсқасы

Б. Тілеухан: Балаларды зардабын тигізетін ақпарат көздерінен тыю үшін, зиянды әлеуметтік желілерді бұғаттау қажет

  • AstanaTV
  • 02 мамыр 2017
  • 4595

«Балаларды зардабын тигізетін ақпарат көздерінен тыю үшін, зиянды әлеуметтік желілерді бұғаттау қажет». Бұл туралы бүгін мәжілісте өткен «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасының тұсаукесерінде депутат Бекболат Тілеухан мәлімдеді.

Депутаттардың сөзінше, қазір әлеуметтік желіні қолданатындардың басым көбі 14 пен 20 жас аралығында. Ал, ондағы идеология көбіне өзгеге күш көрсету, өз-өзіне қол жұмсауды, тіпті терроризм мен экстремизмді еркін дәріптеп жатады. Мысалға, тек 2015-ші жылдың өзінде Қазақстанда 201 жасөспірім өз-өзіне қол салса, тағы 485-і осындай әрекетке бармақ болған. Қазір балалардың жастайынан әлеуметтік желіге құмартып өсуі олардың дұрыс қалыптасуына кері әсерін тигізеді, дейді мамандар. Бұған «көгілдір кит» ойынын мысалға келтірді.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясы:

Қажет болса, шынында да біздің ұрпағымыздың санасына, денсаулығына зардабын тигізетін болса, мен осы кейбір нәрселерге шектеу қою жағындамын. Өйткені бала әлі физикалық, рухани жетілген жоқ, оларды кез келген ақпарат диверсиясының ұясына тастай салуға болмайды. Біз оны құтқаруымыз керек.