Нигерияда 29 бала елдегі өмір сүру деңгейінің төмендігіне қарсы наразылық акциясына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, кем дегенде 76 наразылық білдірушіге ондаған ауыр қылмыс бойынша, соның ішінде мемлекетке опасыздық жасады, мүлікті жойды, тәртіпсіздік жасады және бүлік шығарды деген сияқты айыптар тағылды.
"Кәмелетке толмаған сотталушылардың жасы 14 пен 17 жас аралығында", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ қамауға алынған ол балалардың 90 күннен бері аш отырғаны айтылды.