Русский Сайттың толық нұсқасы

Щучинск қаласында зейнеткер әйел жетім баланы өлтірді деген күдікке ілінді

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2024
  • 212

Щучинск қаласының 65 жастағы тұрғыны мен оның 29 жастағы қызы кәмелетке толмаған баланы азаптағаны үшін айыпталып отыр. Ал зейнеткер әйел адам өлтіру фактісі бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Сонымен қатар 29 жастағы күдікті бала өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін, оның өліміне себеп болғаны үшін, алаяқтық және құжаттарды қолдан жасағаны үшін айыпталып отыр. Айыптау материалдары Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр.

«Кәмелетке толмағандардың құқықтары қозғалатындықтан сот процесі жабық режимде өтеді, бірақ үкім ашық жарияланады. Сотқа тартылған әйелдер әзірге күдікті ретінде қарастырылып жатыр», - деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Бұл оқиға биылғы жылдың сәуір айында белгілі болды. 29 жастағы қамқоршы әйел Бурабай аудандық ауруханасына асыранды баланы бас-ми жарақатымен жеткізген. Дәрігерлер баланың денесіндегі соққы іздерін байқап, мұның «оқыс оқиға» екеніне сенбей, полиция шақырған.

Құқық қорғау органдары ауруханаға жеткізілген баланың құжаттары басқа жетім баланікі екенін анықтады. Полицияның мәліметінше, 65 жастағы өгей анасы оны өлтіріп, кейін денесін бақшаға көміп тастаған.