Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда майнинг құрылғысын ұрлағаны үшін іздеуде болған полицей бір жылдан кейін өз үйінде ұсталды

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2024
  • 222

Қарағанды облысынла тергеу басқармасының бұрынғы басшысы Рустам Құлкеев ұсталды. Ол 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бері іздеуде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ProКадры арнасының мәліметінше экс-полицейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ІІМ қызметкерлері ұстаған. 

Анықталғандай күдікті бір жылдан берә Қарағандыда өз үйінде тұрып келген. Ол майнингке арналған құрылғыны ұрлады деген күдікке ілінген. Қылмыстық істі тергеу аясында құрылғы заттай дәлелді сақтау қоймасына жіберілуі керек болған. Алайда Құлкеев құрылғыны өзіне алып алған. 

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 18-бабы "Ұрлық" және 361-бабы "Лауазымын асыра пайдалану" бойынша іс қозғалған.