Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран АҚШ-тағы сайлаудан кейін Израильге ауқымды шабуыл жасайтынын мәлімдеді

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2024
  • 131

Иран Америкадағы президент сайлауынан кейін Израильге ауқымды шабуыл жасауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шетелдік басылым Иранның 1 қазандағы жаппай шабуыл кезіндегіден мықты қару қолданатынын жазды.

WSJ мәліметінше, Иран Израильге 5 қарашада, АҚШ-та өтетін президенттік сайлаудан кейін, 2025 жылдың қаңтарына жоспарланған жаңа мемлекет басшысының инаугурациясына дейін соққы жасайды. Осылайша ел сайлау нәтижесіне ықпалын барынша азайтқысы келеді.

Жоспарланған шабуыл Израиль армиясының Иранның үш қаласына: Тегеран, Илам және Хузестанға жасаған әрекетіне берген жауабы деп аталады. Израиль әскерінің шабуылы кезінде төрт ирандық сарбаз қаза тапқан еді.

"Біздің әскерилер өз адамын жоғалтты. Сондықтан біз жауап беруіміз керек", – деді ирандық шенеунік.

Шенеунік Иран жоспарлап отырған соққының Ирактан басталатынын айтты.

“Бұл шабуыл өткен жолғыдан да ауқымды болады. Иран армиясы алыс қашықтыққа ұшатын зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтарды ғана емес, басқа да "ауқымды" қаруларды қолданады. Израиль бұрын соңды көрмеген зардаптарға тап болады", – деді Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы Хоссейн Салами.