Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында зират қоршауын ұрлайтын күдіктілер ұсталды

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2024
  • 155

Жамбыл облысында зират қоршауын қолды қылған күдіктілер ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

26 қазан күні Тұрар Рысқұлов ауданында екі ер адам зираттың темір қоршауын ұрлау кезінде ұсталды.

ҚР ҚК-нің 24-бабы (Қылмысқа оқталу) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер 33 жастағы Жамбыл ауданының және 34 жастағы Байзақ ауданының тұрғындары екені анықталды.

Тергеу барысында күдіктілердің бұрын жасалған Талас ауданы маңындағы зират қоршауларын ұрлау дерегіне қатысы бар екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.