Русский Сайттың толық нұсқасы

Ливаннан 41 отандасымыз елге жеткізілді

Ливандағы отандастарымыз елге жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы Істер министрлігі хабарлады. Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюіне байланысты Мемлекет басшысы жауапты органдарға тапсырма берген. Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған қазақстандықтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді. 

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:
Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылды. Нәтижесінде Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді.