Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандылық оқушылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында 6 мың келі қалдықты қайта өңдеуге берді

Қарағандылық оқушылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында 6 мың келі қалдықты қайта өңдеуге берді. Балалар картон, пластик заттар мен темір банкаларды небәрі 3 айда жинап тапсырған. Қайта өңделетін қалдықтарды «Қарағанды қайталама шикізат» компаниясы қабылдайды. Тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын арнайы бөлімшелер бар. Оның 7- еуі облыс орталығында. Мектеп оқушыларынан жиналған ескі картон, қағаз, кітаптар мен бөтелкелерді мамандар құммен араластырып, қайта өңдеп кәріз құбырларының қақпақтарын жасайды. Қазір бұл қақпақтар аймақта кең қолданылады. 

АСҚАР ХАМИТОВ, «ҚАРАҒАНДЫ ҚАЙТАЛАМА ШИКІЗАТ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

«Қаланың ішінде сеткалар орнатқанбыз арнайы. Ол сетканың үстінде кәдімгідей жазылып тұр осы жерге пластик салу керек, картон салу керек, жаңағыдай бала келген кезде суретке қарап өзі не қалайды, соны сала алады. Қай жерге қарасаң да бүкіл жерде қоқыс жатады. Бала жинаған мен ойлаймын, маңызды боп тұр қазіргі уақытта».

Кәсіпорын 1 келі картонды 35, пластикті 60, ал темір және шыны бөтелкені 30 теңгеден қабылдайды. Оқушылар бүгінде қалдықтарды тапсырып алған ақшаларын жануарларды қорғау мекемелеріне тапсыруда. Сондай- ақ «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатқан «ЭкоБатыр» байқауына қатысады. Мектептерде арнайы экоклубтар жұмыс істейді. Осылайша бала жастан экологиялық дұрыс мәдениет қалыптастыруға үлкен көңіл бөлініп отыр.