Русский Сайттың толық нұсқасы

Заңсыз төгілетін қоқыс қалдықтарына жауапкершілік күшейтіледі

Қазақстанда 4 млн тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдық шығады. Соның не бары 12%-ға жуығы ғана қайта өңделеді. Қалғаны қоқыс полигондарына жіберіледі. Дегенмен ондағы жағдай да мәз емес. Ал ауылдық жерлерде қоқыс тастайтын орын мүлдем жоқ. 

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Қазір республика бойынша 3 мыңнан астам қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар, олардың тек 619-ның тиісті жобалық және рұқсат беру құжаты бар. Полигондардың және қоқыс орындарының көпшілігі асыра толтырылған және қалпына келтіруді қажет етеді. Осы ретте экология министрі қоршаған ортаның ластануының алдын алу үшін Әкімшілік құқық кодексіне аталған түзетулерді енгізуді ұсынды.

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ МИНИСТРІ:

Министрлік Экология кодексіне аталған бағытта тиісті түзетулер жобасын ұсынады. Сонымен бірге 2023 жылы 100 жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 8 полигонының қуатын кеңейту, 5 полигонды рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар жоспары Премьер-Министрдің бірінші орынбасарымен бекітілді

Бұл- Астанадағы рұқсат етілген жалғыз қоқыс полигоны. Тұрмыстық қалдыққа толы. Көліктер лек легімен үздіксіз келіп жатыр. Мамандар сұрыптау зауытының қуаттылығы 2010 жылғы деңгейде тұрғанын айтады

ҚАЛАМҚАС КҮЛІМБАЕВА, “АСТАНА ЭКО ПОЛИГОНЫ” ЖШС ИНЖЕНЕР-ЭКОЛОГЫ:

Одан кейін халықтың барлығы екі есе көбейді, қалдықта әрине екі есе көбейіп тұр ғой. Сондықтан мына қуаттылығы жетпегендіктен мына сұрыптаулық тереңдігі көбеймей тұр. {Жалғыз ғана зауттың қуаттылығы аздан емес сонымен қатар бізде проблема болып тұрғаны пластиктер, өзіміз су ішетін пластиктер олар қайтып өңделмейді. Қайтып өндіретін бізде зауыт, ондай өндіріс құрылған жоқ

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Бір астананың өзінде жыл басынан бері 205 рұқсат етілмеген қоқыс полигоны жойылды.Сонымен қатар қоқысты рұқсатсыз түсіргені үшін 161 жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 млн 200 мың теңгеден айыппұл салынды. Әрі қарай әріптесім Берік Жұмабай жалғастырады.

БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

Жамбыл облысында да ешқандай тиісті құжаты жоқ, заңсыз жұмыс істеп тұрған 24 қоқыс полигоны анықталды. Олар қалдықты сұрыптау үшін жергілікті биліктен рұқсат сұрамай білгендерін істеген. КСМ Ал жүзге жуық қоқыс полигоны жыл сайын тапсыруы тиісті қалдық есебін мүлде көрсетпеген. Бұл жағдайды әкімдіктегілер де аңғармай, қажетті құжаттарды талап етпеген. Табиғатты қорғау прокуратурасы, жұмысына салғырт қараған сол әкімдерді жауапқа тартып, 300 мың теңгеден аса айыппұл салды.

ЕРКІН ӘЛМАХАНОВ, ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:

Қазіргі таңда 9 тұлға жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдері бар. Экология департаментінің басшылары тәртіптік жауапқа тартылды..

Өңірде жалпы 163 қоқыс тастайтын орын бар. Бірақ барлығында қалдықты сұрыптап, көлемін есепке алуы талапқа сай емес. Қоқысты өртеп экологиялық талапты бұзып, көбісі қатты қалдықтарды көміп тастайды. Ал облыс орталығына арналған қоқыс тастайын орынның көлемі күн санап артып, айналасы шашылып, маңайындағы ауылдарға кесірін тигізіп жатыр. Сондықтан тұрғындар қоқыс өңдейтін зауыт салу керек дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Барлық нәрсенің өңделуі дұрыс деп ойлаймын, өңделіп таза нәрсе шықса. Қаланың сырттары да тазарып қалар еді деп ойлаймын.
- Экология деген ол өзіміздің денсаулығымызға әсер ететін нәрсе болған соң бірінші кезекте болу керек ол.

Жергілікті билік бұл күрделі мәселе дейді. Бірақ оны шешу үшін үш жақты жоба әзірлеп жатқандарын айтады. {Қаржысы да қомақты.

НҰРСҰЛТАН ИСАБЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мәселе өте күрделі. Қазір жасыл ел мен жасыл даму және ЖКХ үш жақты тараппен жоба дайындап отырмыз. Биылғы жылы құжаттамаларын әзірлеу және рұқсат алу құжаттарыман айналысып жатырмыз. Жобаның құны 1,1 млрд теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда барлық рұқсат құжаттарын алып болғанан кейін біз бұл жобаны аяғына дейін жеткіземіз.

БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

Жасалған жоба қашан жүзеге асары белгісіз. Ал әкімдік зауыт жұмысын 2025 жылы бастауға әзірміз дейді. Тек бас қала мақұлдаса болғаны.