Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкер әріптесінен 1 млн АҚШ долларын бопсалағаны үшін ұсталды

  • AstanaTV
  • 03 мамыр 2017
  • 7069

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкер екінші кәсіпкерден 1 млн АҚШ долларын бопсалағаны үшін қамауға алынды. Кейбір ақпарат құралдарында күдіктінің экс -депутат екені айтылғанмен, тергеуші ондай деректі жария етпеді.

Сезікті - Сайрам ауданының 54 жастағы тұрғыны. Мамандардың айтуынша, ол кәсіпкердің кәсібін жүргізуге кедергі келтірген. Ол өз жерлесінен ақшаның бір бөлігін, яғни 9 млн 400 мың теңгені санап алу кезінде ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен құрықталды. Полицейлер  күдіктінің үйін тінту кезінде 9 дана пневматикалық қару мен мыңға жуық әртүрлі калибрлі оқ дәрілерді тәркілеген. ІІД мамандары күдікті бұлтартпау шарасымен екі айға қамауға алынғанын жеткізді. Оның үстінен екі бірдей баппен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүрзіліп жатыр.

Алтынай Жолымбекова, ОҚО ІІД  тергеу басқармасының аға тергеушісі:

Күдіктінің үйінен заңмен тиым салынған пневматикалық, травматикалық тапаншалар алынды және мерзімі шығып кеткен қару жарақтар бойынша да ішкі істер департаментімен алынып, өткізілді. Ал алынған қару-жарақтардың атылуға жарамды ма, жарамды емес пе, ол бойынша сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалып, қазіргі таңда тергеу жүргізілуде.