Русский Сайттың толық нұсқасы

Баян Мақсатқызының күйеуі Алматыда жаңа кәсіп бастады

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2024
  • 66

Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсен Алагөзов тағы бір зауыттың құрылысына кірісті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Продюсердің айтуынша, кәсіпкер алкогольсіз сусын шығаратын зауыт салып жатыр екен. 

"Менің күйеуім Шымкент сыра зауытын толығымен жаңғыртып жатыр. Ал тағы бір зауыттың құрылысы Алматыда жүріп жатыр. Онда алкогольсіз сусындар шығарылады. Осының барлығы бір мезетте іске асырылып жатыр. Менің жолдасым - талантты кәсіпкер", - деп жазды ол желіде.