Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде оқу жылы 1 шілдеге дейін ұзартылды

  • AstanaTV
  • 03 мамыр 2017
  • 2504

Оқу жылын 1-ші шілдеге дейін ұзарту туралы министрліктің бұйрығы тек Кереку өңіріне қатысты емес. Павлодар облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша, бұл талап ел аумағын қамтымақ. Бұған биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде болған өзгерістер түрткі болып отыр. Яғни бұл өзгеріс 11 сынып оқушыларына қатысты.

ҰБТ екі кезеңмен өтеді. Біріншісінде мектеп бітіру емтиханы болса, екінші сынақты түлектер жоғарғы оқу орындарына түсу үшін тапсырады. Соңғы кезең маусымның 20-сы мен шілденің 1-і аралығына жоспарланған. Осыған орай, Білім және ғылым министрлігі оқу жылын ұзарту туралы шешім қабылдапты.

Білім басқармасының ақпарынша, үстіміздегі жылы Павлодар облысында 3 мың 738 түлек мектеп бітіреді. 71,5 пайызының таңдауы ұлттық бірыңғай тестілеуге түскен. ҰБТ кезінде бір жарым мың түлекті тасымалдау жоспарланған. Бұл шараға 28 мектеп автобусы мен 14 көлікті жалға алу көзделіп отыр,- дейді білім басқармасындағылар.

Роза Балтабекова, Павлодар облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

Бұл партада отырып балалар сабақ оқиды деген емес. Бұл кезде балалармен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары өткізіледі. Жергілікті бюджеттен 7 млн ақша беріліп отыр. Бұл Ұлттық біріңғай тестілеу кезінде балаларды тамақтандыру, тасымалдау және жатқызу үшін.