Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мүгедек жандарға жағдай жасауда көзбояушылық көп",-О.Бектенов

Мүгедек жандарға жағдай жасауда көзбояушылық көп. Премьер-министр Олжас Бектенов бүгін үкімет отырысында осылай деді. Ол мүмкіндігі шектеулі жандардың нысандарда еркін жүріп-тұруы мұңға айналғанын айтты. Себебі айта-айта жауыр болған бұл мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Үкімет басшысы жауапты ведомстваға жауапты міндет артты. Онда қандай мәселелерді шешу көзделген? Толығырақ алдағы сюжетте.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігін кеңейтуге де бізде де мүмкіндік жоқ. Себебі барлығы көзбояушылықпен істеледі. Мүгедек жандарға арналған лифтілер мен көтергіштер жұмыс істемейді. Сондай-ақ, қарапайым жол бойындағы биік бордюрлердің өзі жолды кесіп өтуге кедергі келтіреді.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Атқарылып жатқан жұмыстар мардымсыз. Мүгедек жандар үшін нысандардың қолжетімділігі 45%-дан аспайды. Оның үстіне, кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстары белсенді жүріп жатқан ірі қалалардың өзінде көзге көрінетіндей нәтиже жоқ.

Елімізде 732 мың мүгедек жан бар, бұл жалпы халықтың 3,6%-ы. Оның ішінде 57% еңбекке қабілетті жастағы адам, 27% зейнеткер және 15% балалар. Министрдің айтуынша, соңғы үш жылда балалар мүгедектігі11,4%-ға өскен.

СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Ал балалар мүгедектігі бойынша жүйке жүйесінің аурулары, туа біткен ақаулар және психикалық бұзылулар көбірек кездеседі.

Бұдан өзге, өңірлерде мүгедек жандарды жұмыспен қамту деңгейі 50%-ға да жетпейді. Сондықтан биыл жауапты ведомства, мүгедек жандарға жұмыс бермей отырған кәсіпкерлердің тізімі жасалғанын айтты. Осылайша бос жұмыс орындарын толтыруға үкіметтің өзі білек сыбана кіріспек. Сонымен қатар тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалар үшін енді мектепте «жеке көмекші» лауазымы енгізіледі.

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Мектепке дейінгі ұйымдарда да «педагог-ассистент» лауазымы енгізілуде. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалар үшін мектепте «жеке көмекші» лауазымы қарастырылуда. «Педагог» кәсіптік стандартына мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс бойынша жаңа мамандықтар қосылуда.

басшысы Олжас Бектеновтың айтуынша, жыл басынан бері мемлекеттік органдарға мүгедектігі бар адамдардан 16 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Арыздардың басым бөлігі қайта куәландыруға, оңалтуға және жұмысқа орналасуға тиесілі. Сондықтан Премьер-министр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленетін инклюзивті саясат жөніндегі тұжырымдама жобасын Үкіметке 15 қарашаға дейін өткізуді тапсырды.